19 мам, 2021 сағат 14:47

Германияда автотұрақты жөндеу кезінде банкке апаратын 8 метрлік туннель табылды


Шпенгте (ГФР-дың солтүстігі) Volksbank неміс банкінің автотұрағындағы плиткаларды ауыстырып жатқан жұмысшылар қаржы мекемесінің ғимаратына апаратын туннель тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Der Spiegel басылымының жазуынша, автотұрақта төселген плиткалар деңгейі 14 мамыр күні, жұмада төмен түсіп кеткен, бұл қала қызметтерінің назарын аударды. Жұмысшылар бұл жерде құбыр жарылды деп ойлаған. Дүйсенбіде олар жөндеу жұмыстарына кіріскен кезде ұзындығы сегіз метр және ені шамамен бір метр болатын туннельді тапқан, ол трансформатор қорабынан басталған.

Volksbank өкілі шабуыл жасаушылар 23 мамырда, жексенбіде банк келушілерге жабық болған кезді және Германиядағы католиктер мен протестанттар Троицын күнін атап өтетін сәтті пайдаланып тонамақ болған деп болжап отыр.

Полиция қылмыскерлерді іздеуде.