#
#
Сейсенбі 26/01/2021

Генерал Бекет Аймағамбетов: Қызметкерлерді ынталандыруға басымдық берілу тиіс

  • 30.11.2020
  • 0
  • 117

 Қостанайда патрульдік полиция жасақтарының гарнизондық жиыны өтті. Қостанай облысы полиция бастығы, генерал Бекет Аймағамбетов жеке құрам алдында сөйлеген сөзінде ішкі істер органдарын реформалау және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру жөніндегі міндеттерді атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қарсаңында өткен жиында Бекет Аймағамбетов полицияның бір жыл бойы атқарған жұмысына тоқталды. 

«Алдымен барлық қызметкерлерді келе жатқан мерекемен құттықтап, денсаулық пен жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуді тілеймін. Патрульдік полиция жұмысының маңызды көрсеткіштерінің бірі азаматтарға көмек көрсету және қылмыстарды ізін суытпай ашу, сол үшін халықтың алғысына бөлену. Бүгінде көшелерде және қоғамдық орындарда жаяу патрульдеуге назар аударылды. Жасалған құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюдың арқасында қылмыстың айтарлықтай төмендегені байқалады. Осы жылдың өзінде екі патрульдік полиция батальоны 500-ден астам қылмысты ашып, 100-ден асам жүргізушіге көмек көрсетті», - деді Бекет Аймағамбетов жеке құрам алдында сөйлеген сөзінде.





Бүгінде Қостанай облысының патрульдік полициясы қажетті құралармен жабдықталған. Атап айтқанда, әр экипажда электрондық рулеткалар, пульверизаторлар, планшеттер бар. Сонымен қатар тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасын тіркеу уақытына өзгеріс әкелді. Патрульдеуші қызметкер жол-көлік апаты орнына келгенде алдымен оқиға желісін сызады. Құжаттар жергілікті полиция қызметінде ресімделеді. Осылайша, көліктер жолда тұрмайды, ал жол-көлік оқиғаларын тіркеу уақыты 30 минутқа дейін қысқарды.
«Бүгін сіздер қиын жағдайда жұмыс істейсіздер және өз денсаулықтарыңызды қорғау керек. Барлық қызметкерлер қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Қазірдің өзінде Қостанай облысы ПД емханасы мен госпиталін нығайту бойынша шаралар қабылдануда. Жақын арада мұнда рентген және УДЗ аппараты пайда болады. Қажетті дәрі-дәрмектер сатып алынды», - деп атап өтті Бекет Аймағамбетов.
Полиция бастығы полиция қызметкерлерін материалдық ынталандыру бойынша қабылданатын шаралар туралы да айтты.




 «Биыл сөгіс алмаған әрбір қызметкер коронавирусқа қарсы күресте қызмет істегені үшін сыйақы алатын болады. Бұл өз қызметтік міндеттерін тиімді орындауға ынталандырады», - дейді полиция генералы.
Мәселен, патрульдік полиция ротасының командирі Марат Нұрымбетовке осы жылы қылмысты «ізін суытпай» ашқаны үшін сыйақы берілді. Ол өзінің серіктесімен бірге бірқатар автокөлік ұрлықтарын жасаған күдіктіні ұстады.
Қазіргі уақытта облыста полицияға 90-нан астам волонтер ұйымы көмек көрсетеді, олардың құрамында 3 мыңға жуық адам бар.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар