Фото: airastana.com
Air Astana компаниялар тобы Таяу Шығыс бағытындағы бірқатар рейстерді уақытша тоқтату мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Ult.kz.
Әуе компаниясының мәліметінше, Дубай, Жидда, Медина және Доха қалаларына тұрақты рейстер 10 наурызды қоса алғанға дейін орындалмайды. Сонымен қатар аталған бағыттарға билет сату 17 наурызға дейін уақытша тоқтатылған.
Жолаушылар үшін тегін қайта брондау мүмкіндігі 30 сәуірді қоса алғанға дейін қолжетімді. Ал билеттерді қайтару рәсімін 11 наурызға дейін жүзеге асыруға болады.
Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы ахуалды мұқият бақылап отырғанын және жағдайға байланысты қосымша шешімдер қабылдануы мүмкін екенін мәлімдеді.
