17 қаз, 2021 сағат 12:20

Ғарышқа аттанған тұңғыш киноэкипаж Қазақстан жеріне қонды - видео



Ғарышқа аттанған тұңғыш киноэкипаж мүшелері Қазақстан жеріне сәтті қонды, деп хабарлайды Sputnik агенттігі.


5 қазанда Байқоңыр айлағынан ғарышқа аттанған "Союз МС-18" Жерге оралды.


Космонавт Олег Новицкий, киноэкипаж мүшелері актриса Юлия Пересильд пен режиссер Клим Шипенко 7.14-те (Нұр-Сұлтан уақытымен) халықаралық ғарыш станциясынан Жерге аттанды.


Ғарыш кемесі Жазқазған қаласынан 148 шақырым жерге 10.35-те қонды. Оларды  "Роскосмостың" басшысы Дмитрий Рогозин қарсы алды.


Ғарыш кемесінің Жерге оралу сәтін Бірінші арна мен RT трансляциялады.




Тұңғыш киноэкипаждың сапары


5 қазанда Байқоңыр айлағының "Восток" старттық алаңынан "Союз МС-18" зымыранымен әлемдегі тұңғыш кино экипажы ғарышқа аттанады. "Вызов" ғылыми-танымдық жобасының мүшелері режиссер Клим Шипенко мен актриса Юлия Пересильд "Союз МС-18" орбитасына жеткізіледі. 


"Союз МС-18" кемесінің капитаны ғарышкер - Антон Шкаплеров. 


Кино түсірілімі үшін актерлер ғарышқа 12 күнге аттанды. Олар 17 қазанда оралады деп болжанған. 


"Вызов" — бұл ғылыми-танымдық жоба. Бірақ сюжет әлі де құпия сақталып отыр.