Кеш тамақтану адамның биологиялық ырғағының бұзылуы салдарынан жүрек-қан тамырлары ауруы мен диабетке әкеліп соқтыруы мүмкін. Америка кардиологиялық қауымдастығының ғалымдары осындай тұжырым жасаған. Сәйкес зерттеу LiveScience порталында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Эксперимент 18-76 жас аралығындағы 12,7 мың латынамерикалыққа жүргізілген медициналық тексеру нәтижесіне негізделген. Оның барысында дәрігерлер екі күн бойы олардың денсаулығы мен тамақтану уақытын салыстырған.
Зерттеушілер экспериментке қатысып жатқандардың басым бөлігінің 18.00-ден кейін тамақтанатындығын анықтаған. Соның салдарынан оларда қант деңгейі және қандағы инсулин жоғары болған.
Кеш тамақтануды ұнататындардың 19% диабеталды және 23% гипертония дамуына бейім.
Зерттеудің авторы, постдокторант Нур Макаремнің пікірінше, бұл салауатты емес өмір салты салдарынан адамның биологиялық ырғағының бұзылуымен түсіндіріледі. Соның салдарынан зат алмасу бұзылып, созылмалы аурулар қаупі жоғарылайды.