20 там, 2020 сағат 09:22

Гаити жағалауында қайық аударылып, 14 адам қаза тапты

Гаитидің солтүстігінде Тортуга аралынан адамдарды тасымалдаған қайықтың аударылуы салдарынан кем дегенде 14 адам қаза тауып, тағы бірнешеуі із-түссіз жоғалды. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Агенттік мәліметінше, қайықта адамдар шамадан тыс болғандықтан аударылып кеткен. Кем дегенде тоғыз адам құтқарылды, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі кезде жоғалған адамдардың нақты саны әзірге хабарланбай отыр.