Гаити Ұлттық полициясы ел Президенті Жовенель Моизді өлтірді деген күдікпен қылмыскерлерді ұстады. Бұл туралы сәрсенбіде Республиканың Мемлекеттік хатшысы Франц Экзантюс Twitter-де жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Президент Жовенель Моизді өлтіргендерді Ұлттық полиция бүгін сағат 18:00 шамасында ұстады. Толығырақ ақпарат алдағы бірнеше сағатта шығады», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Гаити Президенті Джовенель Моиз сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні резиденциясына белгісіз адамдардың шабуылынан қаза тапқандығын хабарлаған болатынбыз. Шабуыл кезінде елдің бірінші ханымы Мартин Моиз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.