21 қаң, 2021 сағат 19:05

Футзалдан чемпиондар лигасы: «Қайрат» Румыния чемпионына қарсылас атанды

Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне жолдама алған Алматының «Қайраты» Румыния чемпионымен кездеседі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін футзалдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өткенін жазған болатынбыз. «Ақтөбе» командасының Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды. 

Сондай-ақ Алматының «Қайраты» да финалдық бәсекедегі өзінің қарсыласын білді. Алматылықтар Румыния чемпионы «Юнайтед Галац» командасымен жұп құрады. Кездесу Алматы қаласында өтеді. 

Еске сала кетейік, «Қайрат» турнирдің жоғарғы дивизионына жолдама алу үшін сырт алаңда беларусьтік «Витенді» 5:3 есебімен жеңді. 

Чемпиондар лигасының 1/8 финал жеңімпаздары бір матчта анықталады. Кездесулер 16-21 ақпан аралығында өтеді.