21 қаң, 2021 сағат 17:53

Футзал: «Ақтөбе» чемпиондар лигасында словениялық клубпен кездеседі

Бүгін футзалдан «Ақтөбе» командасының Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін футзалдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтті. Ұйымдастырушы тарап 16 команданы екі себетке бөледі. 

Олардың қатарында «Добовец» (Словения), «Херсон» (Украина), «Хрудим», (Чехия), «Витис» (Литва), «Олмиссум» (Хорватия), «Береттьоуфалу» (Венгрия), «Юнайтед Галац» (Румыния), «Аньер-Вильнев» (Франция) командалары бар. 

Жеребе қорытындысына сәйкес, Ақтөбенің «Ақтөбе» футзал клубы Словенияның «Добовец» командасымен кездеседі. 

Чемпиондар лигасының 1/8 финалы 16-21 ақпан күндері өтеді. 

Б ір ойынның қорытындысы бойынша анықталатын жеңімпаз команда, 28 сәуір мен 3 мамыр аралығында Минск қаласында өтетін турнирдің ақтық сынына барады.