Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының үш ойыншысы алдағы Ұлттар лигасының екі ойынына қатыспайтын болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Естеріңізге сала кетелік, қазақстандық футболшылар алдағы күндері Литва мен Беларусь құрамаларымен кездеседі. Анықталғандай, бұл ойындарға қақпашы Игорь Шацкий, қорғаушы Дмитрий Шомко және шабуылшы Алексей Щёткин қатыспайды.
Бапкерлер шешімімен олардың орнына Алматының «Қайратынан» қақпашы Данил Устименко, Шымкенттің «Ордабасынан» қорғаушы Тимур Досмағанбетов пен шабуылшы Сергей Хижниченко шақырту алды.
Қазақстан құрамасы 4 қыркүйекте сыртта Литвамен шеберлік байқасады. Ал 7 қыркүйекте Алматыда Беларусь құрамасын қабылдайды.