13 қар, 2020 сағат 10:35

Футболдан Еуропа чемпионаты: Финалға шыққан барлық құрама анықталды

Футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық кезеңінде бақ сынайтын барлық құрама анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұдан бұрын оған қатысатын 20 құрама белгілі болды. Қалған төрт құрама 12 қарашада өткен қосымша ойындар арқылы нақтыланды. Аталған ойындарда Венгрия Исландияны, Словакия Солтүстік Ирландияны 2:1 есебімен жеңді. Өз алаңында Грузия Солтүстік Македониядан 0:1 есебімен есе жіберді. Ал Шотландия және Сербия арасындағы кездесудің негізгі кезеңі 1:1 есебімен аяқталып, пенальтиден шотландиялық құраманың жолы болды. 

Еуропа чемпионаты финалдық кезеңінде бақ сынайтын құрамалар төмендегіше топқа бөлінді. 

А тобы: Италия, Түркия, Уэльс, Швейцария

В тобы: Бельгия, Ресей, Дания, Финляндия

С тобы: Украина, Нидерланды, Австрия, Солтүстік Македония

D тобы. Англия, Хорватия, Чехия, Шотландия

Е тобы: Испания, Швеция, Польша, Словакия

F тобы Германия, Португалия, Франция, Венгрия.

Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 2020 жылдың 12 маусым - 12 шілде аралығында өткізілуі тиіс болатын. Коронавирус инфекциясына байланысты ол 2021 жылға шегерілді. Ойындар Еуропаның 12 мемлекетіндегі стадиондарда болады.