Францияның футболдан ұлттық құрамасы 2018 жылғы Әлем чемпионатындағы жеңісі үшін 38 миллион доллар сыйақы алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ФИФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап.
Биылғы мундиаль әлем чемпионаттары тарихындағы сыйақы қоры ең жоғары турнир болды. Оған сәйкес, ФИФА жеңімпаз команда атанған Францияға жалпы 38 миллион доллар береді. Екінші орынды иеленген Хорватия - 28 миллион доллар, үшінші орын бұйырған Бельгия - 24 миллион доллар, мундаильды төртінші орында аяқтаған Англия 22 миллион доллар алады.
Жарыс жолын 1/8 финалдан кейін аяқтаған Колумбия, Испания, Швейцария, Жапония, Дания, Мексика, Португалия, Аргентина құрамалары жалпы 96 миллион долларды бөліседі (12 миллионнан).
Ал топтық кезеңде үш ойын өткізген Иран, Сауд Арабиясы, Перу, Нигерия, Сербия, Оңтүстік Корея, Тунис, Сенегал, Германия, Польша, Марокко, Австралия, Исландия, Коста-Рика, Мысыр, Панама құрама командалары 128 миллион долларды 8 миллионнан бөлісіп алады.