#
#
Жұма 10/07/2020

ФУТБОЛ: Түркияда Қазақстан клубтары қатысатын жаңа турнир өткізу ұсынылды

  • 04.06.2020
  • 0
  • 166

Түркия футбол федерациясының Сыртқы байланыс комитетінің мүшесі Гюркан Теоман түркі елдері арасында турнир ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Azerisport.com-ның Sisligazetesi-ге сілтеме жасап хабарлауынша, ол Тұран кубогын құруды ұсынып отыр. Бұл турнирді ұйымдастырудағы бірінші қадам жұмыс тобын құрудан басталды. 

Оның пікірінше, осындай турнир халықаралық ойындар тәжірибесін арттырып, қаржы жағынан да тиімбі болады. 

«Бұл қатысушылардың ұлттық чемпионаттардағы ойындарына әсер етпейді, бірақ турнир телекөрсетілімдері мен демеушілерден келетін кірісті көбейтеді, клубтар арасындағы өзара қатынасты жақсартады», - деп мәлім етті Теоман. 

Егер жоспар іске асырылса, турнирге Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Кипр, сондай-ақ басқа түркі елдерінің клубтары қатысады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар