Қазақстандық футбол маманы Әли Әлиев Қарағандының «Шахтер» командасына бас бапкер болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Мәлім болғандай, ол жаңа қызметінде клубтың алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізген.
Әли Әлиев 1980 жылдың 27 қазанында Алматы қаласында дүниеге келген.
Футболдағы алғашқы қадамын 1998 жылы Алматының ЦСКА-«Қайрат» командасында бастап, одан кейін «Қайрат», Павлодардың «Ертіс», Қостанайдың «Тобыл», Өскеменнің «Восток», Шымкенттің «Ордабасы», Петропавлдың «Қызылжар» клубтарында доп тепкен.
2014 жылы «Ордабасыда» ойнай жүріп бапкерлік қызметін бастады.
2018 жылы «Қызылжарда» да дәл осылай қызмет атқарып, арада бір жыл өткенде мансабын аяқтағаннан кейін бас бапкер қызметін қолға алды.
Команданы бірінші лигадан Премьер-лигаға алып шықты.
Естеріңізге сала кетелік, «Шахтер» командасын бұған дейін Константин Горовенко жаттықтырған болатын.