25 қаз, 2020 сағат 20:00

Футбол: «Атырау» мен «Ақтөбе» Премьер-лигаға қайта оралды

Футболдан бірінші лигада жеңімпаз атанған «Атырау» мен «Ақтөбе» командалары Премьер-лигаға бір жылдық үзілістен кейін қайта оралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін бірінші лигада 12-тур ойындары өтті. Аталған турда бірінші конференцияда «Ақтөбе» «Екібастұздан» 1:0 есебімен басым түсті. Ал екінші конференцияда «Атырау» «Шахтер-Болатты» 3:2 есебімен жеңді. 

Нәтижесінде қос команда да екінші орында келе жатқан қарсыластарынан 7 ұпайға ұзап кетті. Екі тур бұрын Премьер-лигаға қайта оралды.

Командалар 2019 жылы Премьер-лигада соңғы екі орынды місе тұтып, бірінші лигаға түсіп қалған еді. 

«Ақтөбе» Премьер-лигада бес мәрте чемпион атанса, үш-үштен мәрте күміс және қола жүлдегер болды. Ал «Атырау» қол мәрте күміс жүлдеге қол созды.