06 жел, 2019 сағат 15:08

Футбол: «Астана» маусымдағы соңғы матчын Белградта өткізеді

«Астана» биылғы маусымдағы соңғы ойынын өткізу үшін Белградқа сапар шекті,  деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Астана» футбол клубынан мәлім еткеніндей, елордалықтар Сербия астанасында алдымен қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Украиналық маман Роман Григорчуктың шәкірттері мына құрамда аттанды: қақпашылар - Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов, Владислав Саенко; қорғаушылар - Дмитрий Шомко, Антонио Рукавина, Абзал Бейсебеков, Евгений Постников, Юрий Логвиненко, Сағи Совет; жартылай қорғаушылар – Дидар Жалмұқан, Иван Маевский, Юрий Перцух, Серікжан Мужиков, Дорин Ротариу, Рунар Сигурьонссон, Жасұлан Қайыркенов, Мәди Жақыпбаев; шабуылшылар - Рангело Янга, Роман Муртазаев, Сергей Хижниченко, Владислав Прокопенко.

Ал бұл сапардан тыс қалған Марин Томасов, Лука Шимунович, Жарко Томашевич және Фирмин Мубеле қалпына келуі үшін жеке бағдарлама бойынша жаттығуда.

«Партизан» - «Астана» матчы желтоқсанның 12-сінен 13-іне қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен 02.00-де басталады. Оны тікелей эфирде Qazsport арнасы көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Астана» «Манчестер Юнайтедті» ұтып, алғашқы үш ұпайға ие болған еді.

L тобында «Манчестер Юнайтед» 10 және голландиялық «АЗ Алкмаар» клубы 9 ұпай жинап, плей-офф бәсекесіне жолдама алу мәселесін шешіп қойса, үшінші орындағы «Партизанда» 5 ұпай бар.