21 қаң, 2021 сағат 17:25

Футбол: «Ақжайық» Анталияда оқу-жаттығу жиынын бастады

Биыл премьер-лигада ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» Анталияда оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ақжайық» футбол клубының директоры Азамат Шайхының мәлім еткеніндей, команда украиналық маман Владимир Мазярдың басшылығымен жаттығуда.

«Ақжайық» құрамында бұрыннан өнер көрсетіп келе жатқан ойыншылар бар. Сонымен қатар жаңадан бірнеше футболшы сыннан өтетін болады.

«Оралдықтар Түркияда жаңа маусымға барынша тыңғылықты дайындалмақшы. Оқу-жаттығу жиыны қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты отыз күнге дейін созылуы мүмкін», деді А.Шайхы.