22 там, 2021 сағат 11:00

Француз мәнерлеп сырғанаушысы Димаштың әніне биледі (Видео)


Франциялық мәнерлеп сырғанаушы Ян Воклен (Ian Vauclin) Куршевельде өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан әлемдік Гран-при кезеңінде Димаш Құдайбергеннің "Қайран елім" композициясының ырғағында өнер көрсетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Спортшының қалай өнер көрсеткенін Димаштың әкесі Қанат Айтбаев Instagram-дағы парақшасына жүктеді.

Еркін бағдарламаның қорытындысы бойынша 17 жастағы Воклен 112,57 ұпай жинап, төртінші орынды иеленді.