Францияда ер адам әйелін зорлап, үйін өртеп жіберген соң, үш полиция қызметкерін өлтірді.
Тағы бір жандарм жарақат алды, деп жазды РИА Новости.
Франция ішкі істер министрлігінің басшысы Жеральд Дарманен жандармдарды атқан адамның өлі табылғанын хабарлады.
"Қаскүнем өлі табылды. Мен оқиға орнына бара жатырмын", - деп жазды министр Twitterде.
Оқиға туралы сәрсенбі, 23 желтоқсанда таңертең белгілі болды. Алдымен екі тәртіп сақшысы үйдің шатырына жасырынған әйелді құтқармақ болған, бірақ үйге жақындай бергенде күйеуі оларға оқ атқан.
Олардың біреуі көз жұмды, ал жамбастан жарақат алған екіншісін өрт сөндірушілер Амбер аурухана орталығына жеткізді.
Осыдан кейін ер адам жандармдарға қайтадан оқ жаудырды, салдарынан тағы екі адам қаза тапты.