25 сәу, 2019 сағат 17:01

Францияның Үлкен Шығыс өңірінде бір күнде 22 мың рет найзағай соқты

Метеорологтар сәрсенбі күні Эльзас тарихи облысында (Франция, Үлкен Шығыс өңірі) найзағай ойнаған кезде 22 мың рет жай түскенін тіркеді. Бұл туралы бейсенбі France Bleu радиостанциясы өңірдің метеорологиялық қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Оның дерегі бойынша, атмосферадағы электр разрядтары Төменгі Рейн (13,9 мың) және Жоғары Рейн (8,4 мың) департаменттерінде жиі орын алған. Табиғи құбылыс салдарынан Бишайм, Эрлисайм және Ипсайм қалаларында өрт болды. Миттельбергхайм қаласында жел жергілікті мектептің шатырын ұшырып әкеткен.

Сондай-ақ, дауыл ондаған ағашты құлатып, салдарынан көлік қозғалысы бұзылған. Табиғи апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.