12 қар, 2019 сағат 06:49

Францияның Атлант мұхиты жағалауына 750 келі кокаин шығып қалған

Осы айда Францияның Атлант мұхиты жағалауына 750 келіден астам кокаин жағаға шығып қалған, деп хабарлайды BBC сайты.

Есірткілер батыс Нантада Ланды департаментінен оңтүстікке қарай Луара өзенінің сағасына дейінгі аралықта жағажайдан табылған. Бордоға жақын жердегі Жирондада бірнеше жағажай жабылды.

Табылған есірткі заттары шамамен 60 млн еуроны құрайды. Ренн прокуроры Филипп Аструктың айтуынша, табылған 763 келі кокаин «Оңтүстік Америкадан келген және оның құны әлдеқайда қымбат».

«Кез келген табылған есірткіге қол тигізбей, бұл туралы полицияға немесе жандармдарға хабарлау керек», - деп мәлімдеді прокуратурада.

Францияда кокаин секілді есірткілерді тасымалдағаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.