Францияда сутегі отынымен жүретін әлемдегі бірінші пойыз сынақтан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.
Алдағы бірнеше жылда осындай пойызды тағы 14 рет сынақтан өткізу жоспарланып отыр.
Мұндай пойыздар 2025 жылдан бастап қолданылмақ. Бұл туралы Франция транспорт министрі Жан-Батист Джеббари сынақ өткізілген пойызбен жүріп өткеннен кейін мәлім етті.