05 там, 2021 сағат 22:55

Францияда коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасы салынбақ


Франция президенті егде жастағы француздар мен денсаулығы нашар адамдарға коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасының салынуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Эммануэль Макрон Instagram-да жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жан-жағынан алып қарағанда, денсаулығы әлсіз және егде жастағы адамдарға вакцинаның үшінші дозасын салу қажет. Біз бұл іске дайындық үстіндеміз. Күздің басынан бастай аламыз», - деді Макрон.

Француз президенті қазіргі уақытта Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан Брегансон фортындағы жазғы резиденциясында демалыста. Сол жерден аптаның басынан бері әлеуметтік желілерде француздармен елді коронавирустан қорғау және биліктің жаңа шаралары туралы белсенді түрде талқылау жүргізеді.