23 қаз, 2020 сағат 05:57

Францияда коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты жаңа шектеу енгізілмек

Франция астанасы және тағы сегіз қаласында коменданттық сағат енгізілді. Бұл туралы ВВС агенттігі.

Ел премьер-министрі Жан Кастекс коронавирустың коронавирустың жылдам таралуын тоқтату мақсатында елдің тағы ондаған аудандарында коменданттық сағат түнгі уақытта ұзартатынын мәлім етті. 

Францияда қауіпті ауруға шалдығудың рекордтық 41 622 жаңа оқиғасы туралы жария етілді. 

Коменданттық сағат жұма күннен бастап енгізіледі және ол сағат 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін созылады. Бұл 46 миллионға жуық адамға қатысты қолданатын шара болмақ. 

«Алдағы апталар ауыр болып, індеттен қайтыс болатын адамдар саны өседі», - деді Жан Кастекс. 

Соңғы тәулікте Францияда қауіпті вирустан тағы 162 адам көз жұмды.