09 қыр, 2021 сағат 15:54

Франция Жан Поль Бельмондомен қоштасты


Франция ұлттық кино аңызы Жан Поль Бельмондомен қоштасты. «Жаңа толқын» символдарының біріне айналған актер дүйсенбіде 88 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

«Біз Жан Поль Бельмондоны жақсы көреміз, себебі ол біз сияқты еді. Ұлылар арасындағы ұлы, бірақ ол ең алдымен адам болды. Жан Поль Сартр оны осылай сипаттады. Біз оған таңданамыз, ол бізді күлдіре алды. Бельмондо біз сияқты, тек жақсырақ Бельмондо», - деді Франция президенті Эммануэль Макрон өзінің салтанатты сөзінде. 

Актермен қоштасу рәсімі Париж мүгедектер үйінде өтті. Француз туымен жабылған Белмондо денесі бар табыт «Профессионал» фильміндегі Эннио Морриконенің әуенімен аулаға шығарылды. Композицияны әскери оркестр орындады. 

Коронавирус шектеулеріне байланысты қоштасу рәсіміне санитарлық рұқсатнамасы бар мың адам жіберілді. Қалғандары үшін сырттан үлкен экрандар орнатылды. 

Жан Поль Бельмондоны жерлеу рәсімі жұма күні таңертең өтеді.