02 қар, 2020 сағат 10:33

Франкфуртта бір топ жасполицейлерге шабуыл жасады

Жексенбі, 1 қараша күні Франкфурт қаласының полиция бөлімі тәртіп сақшыларының шабуылға ұшырағанын мәлімдеді. Ашуға булыққан бір топ жас – 800-дей адам патруль көлігіне тас, жұмыртқа және бөтелке лақтырған, деп хабарлайды EuroWeekly сайты.

Оқиға кезінде тоғыз адам қамауға алынғаны хабарланып отыр. 

Бұл – Франкфурттағы полицейлерге соңғы бірнеше күнде жасалған екінші шабуыл. 

Қаланың полиция бастығы Герхард Бересвиль «адамдардың полицейлерге аяқ астынан шабуыл жасауы - адам төзгісіз әрекет» деп атады. 

Қамауға алынған 9 адамның сегізі айғақ дәлелдердің жетіспеушілігінен бостандыққа жіберілді