Фото: Bild
Флорида жағалауында сүңгуірлер теңіз түбінен XVII ғасырға тиесілі 1056 көне алтын мен күміс теңгені көтерді. Мамандардың бағалауынша, табылған қазынаның жалпы құны 1 миллион АҚШ долларына жуық, деп хабарлайды Ult.kz.
BILD басылымының хабарлауынша, бұл теңгелер 310 жыл бойы су астында жатқан. Олар — Жаңа дүниеден қазына тасыған испан флотилиясының апаты кезінде суға кеткен жәдігерлер. Сол жолғы дауыл салдарынан шамамен мыңға жуық адам қаза тапқан.
«Әрбір теңге — Испан империясының тарихының бір бөлігі», — дейді қазына іздеушілер.
Артефактілерді су астынан шығару жұмыстары мемлекеттік бақылаумен және археологиялық талаптарға сай жүргізілген. Қазір мамандар теңгелерді тазартып, көрмеге қоюға дайындап жатыр.
