Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова (11-1, 6 КО) ІВА тұжырымы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақта чемпион атанды, алайда Boxrec.com порталының рейтингінде төменге түсіп қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Шәріпова бесінші раундта танзаниялық Хэппи Даудиді (8-7-1, 4 КО) техникалық нокаутпен жеңді, алайда BoxRec рейтингінде 19-орыннан 27-ші орынға төменге сырғыды.
Сондай-ақ, қазақстандықтың жинаған ұпайы да азайып қалған - 1.342-ден 0.516-ға кеміген. Бұл Шәріпованың ұзақ уақыт бойы алаңға шықпай қалуымен және қарсыласының әлсіз екендігіне байланысты болуы мүмкін, ол соңғы рет 2019 жылдың сәуірінде рингке шыққан болатын.