09 там, 2021 сағат 19:11

Финляндияда 12 жастан асқан балаларды вакциналау басталды


Финляндия билігі дүйсенбі күні 12-15 жас аралығындағы балаларға вакцина салуды бастады. Олар заңды өкілдерінің келісімінсіз екпе салдыра алады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТТ агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланғандай, елдің әлеуметтік істер және денсаулық сақтау министрлігі 12 жастан асқандарға салуға рұқсат еткен Pfizer және Moderna компанияларының вакцинасын қолданады. Вакциналау мектептерде жүргізілуі мүмкін. 

«Екпе егетін маман кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің жасы мен даму деңгейін есепке ала отырып, вакцина салу туралы шешім қабылдаса ғана вакцина салдыра алады», - деп түсіндірді министрліктен. 

Финляндияда ауру жұқтырғандар саны мамыр-маусым айында азайып, шілдеде қайта өскен. Пандемия кезінде ауырғандардың жалпы саны 112 мыңнан асты.