Сенбі күні Филиппинде жер сілкінді. Зілзаладан 8 адам қайтыс болды, 60 шақты адам жарақат алды, деп хабарлайды СNBC.
Филиппин үкіметінің таратқан ақпаратына сәйкес, 5,4 магнитудалы жер сілкінісі Батанес аралында болған. Артынан 5,9 магнитудалы тағы бір жер сілкінісі қайталанған. Біраз уақыттан соң тағы да қатты жер асты дүмпуі сезілген.
Негізгі жер сілкінісінің салдарынан 5 адам қаза тапты, ал одан кейінгі жер асты дүмпулерінен тағы үш адам көз жұмған. Бұл туралы Reuters агенттігіне елдің Төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық кеңестің атқарушы директоры Рикардо Джалад хабарлады.
Айта кету керек, Филиппин елі сейсмикалық және жанартау қаупі жоғары Тынық мұхиттың отты сақинасында орналасқан.