Фото: Inbusiness.kz
8 наурыз қарсаңында Алматының барлық ауданында мерекелік іс-шаралар — концерттер, тақырыптық кездесулер және құттықтаулар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Ult.kz.
Алмалы ауданы
5 наурыз, 15:00 — «Көктем құшағында» концерті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Гоголь көшесі, 114
Қонақтарды қарсы алу және фотоаймақ – 14:30-дан бастап
Әуезов ауданы
5 наурыз, 15:00 — «Көктем шуағы» концерті
Нархоз университеті, Жандосов көшесі, 55
6 наурыз, 14:00 — «Асыл әже» ретро-концерті (Ардагерлер кеңесі және Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы) «Сарыарқа» сквері, 4-шағынаудан, Ескерткіштер аллеясы
Түрксіб ауданы
5 наурыз, 11:00 — «Көктем құшағында» концерті
№6 Оқушылар үйі
Медеу ауданы
6 наурыз, 11:00 — «Әйелмен әлем әдемі» концерті және көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапаттау рәсімі.
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Қалдаяқов көшесі, 35
Бостандық ауданы
5 наурыз, 11:00 — мерекелік бағдарлама
«Конкордия» театры
Алатау ауданы
5 наурыз, 15:00 — мерекелік іс-шара
Инновациялық шығармашылық орталығы, Нұркент шағынауданы, 14а
Наурызбай ауданы
5 наурыз, 11:30 — «Бәрінен де сен сұлу» концерті
Инновациялық технологиялар орталығы, Шұғыла шағынауданы
Жетісу ауданы
7 наурыз, 12:00 — «Арулар — асыл жандар» концерті
Мәдениет үйі
