Фото: odvk.kz
Семей қаласының Шұғаев көшесінде орналасқан «Bala Park» ойын-сауық орталығында өрт болды. Оқиға кезінде нысан ішіндегі адамдар өз бетімен эвакуацияланған, деп хабарлайды Ult.kz.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, қаза тапқандар жоқ. Абай облыстық Денсаулық сақтау басқармасы 6 адамның медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады. Олардың үшеуі — ересек, үшеуі — бала.
Төтенше жағдайлар қызметі жеткен сәтте ғимарат отқа оранып жатқан. Өрт сөндірілгеннен кейін нысанның шатыры опырылып түскен.
Құзырлы ведомствоның мәліметінше, тілсіз жау толық ауыздықталды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен оқиғаның нақты мән-жайы анықталуда.
