30 қаң, 2026 сағат 17:32

«Jibek joly» туристік пойызының бағыты Тәжікстанға дейін кеңейді

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын «Jibek joly» туристік пойызының бағыты кеңейеді. Наурыз айынан бастап жобаға Тәжікстан да қосылады, деп хабарлайды Ult.kz.

Саяхатшылар Алматы – Түркістан – Самарқанд – Душанбе – Ташкент бағытында жүріп, Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи қалаларды аралайды. Турпакетке гидпен экскурсия, тарихи орындарға кіру билеттері және тасымал қызметі кіреді.

Жоба Наурыз мерекесі мен Ораза айт кезеңіне тұспа-тұс келіп, туристерге Орталық Азия халықтарының дәстүрі мен мәдениетін жақыннан танысуға мүмкіндік береді.