26 қаз, 2020 сағат 11:08

Филиппиндегі тайфун: 25 мыңнан астам адам эвакуацияланды, жүздеген кентті су басты

«Молаве» тайфуны салдарынан Филиппиндегі Манила қаласынан оңтүстікке қарай орналасқан жүздеген кентті су басты. Ел билігі 25 мыңнан астам адамды қауіпсіз аудандарға эвакуациялады, деп хабарлайды Associated Press.

Азаматтық қорғаныс басқармасының мәліметінше, эвакуацияланған 25 мың адамнан басқа, тағы 20 мың азамат арнайы жабдықталған мектептер және үкіметтік ғимараттарды паналап отыр. Табиғи апаттан ең көп зардап шеккен-Шығыс Миндоро провинциясы. Мұнда жүздеген кент су астында қалды, ауылшаруашылық алқаптар бүлінді, құлаған ағаштар жолдарды бөгеп тастады. Көптеген елді мекендер электр жарығынсыз отыр. 

«Молаве» тайфуны батысқа қарай бағыт алған, жел екпіні cағатына 180 шақырымға жетеді.