Бүкіл әлемде электр қуаты өшіп, жаппай тәртіпсіздік орнайды. Интернетте тараған осы ақпаратқа stopfake.kz сайты талдау жасап көрді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Әлеуметтік желілерде «әлемдік үкіметтің» жаңа жоспары талқылануда. Пайдаланушылардың пікірінше, жақын арада бүкіл әлемде электр қуаты өшіп, тәртіпсіздік орнайды. Бұл туралы Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Шваб мәлім еткен-мыс.
Теорияның толық түсіндірмесін және ықтимал кибершабуылға дайын болудың неліктен маңызды екендігі жайлы Дүниежүзілік экономикалық форумның веб-сайтынан оқуға болады», - делінген сайтта.
Мәлім етілгендей, биыл Cyber Polygon іс-шарасы 9 шілдеде өтеді. Оның барысында жеткізу тізбегіне жасанды шабуыл ұйымдастырылады. Ал мамандар оған барынша тез және тиімді тойтарыс беруі керек.
«Осылайша, Cyber Polygon – бұл тек оқу-жаттығулар ғана, ал Клаус Швабтың сөздері ықтимал қауіпке жатады және қандай да бомласын үкіметтің жоспары емес. Оқу-жаттығулар аясында электр қуатын қасақана өшіру және әлемде тәртіпсіздік орнату сценарийлері қарастырылып отырған жоқ», - деп қорытынды шығарады stopfake.kz.