11 мам, 2022 сағат 20:11

«Евровидение-2022» байқауында көрермен санының жаңа рекорды тіркелді


Сейсенбі күні Италияның Турин қаласындағы «Palaolimpico» аренасында «Евровидение-2022» халықаралық ән байқауының ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Италияның RAI телеарнасына сілтеме жасап.

Кеше ән байқауының бірінші жартылай финалын RAI арнасынан 5 507 000 көрермен тамашалаған. Аталған көрсеткіш итальяндық телекөрермендердің жалпы аудиториясының 27%-ын құрайды. Бұл – итальяндық қоғамдық телеарнадағы «Евровидение» хабарларында бұрын-соңды болмаған нәтиже. 

Финалға «Stefania» әнімен украиналық «Kalush Band» тобы шықты. Үздік ондыққа Франция, Германия, Испания, Ұлыбритания және Италияның шығармашылық ұжымдары мен әртістері енді. Бірінші жартылай финалда көрермендер барлығы 16 композияцияны тыңдады. 

«RAI үшін Италиядағы «Евровидение» ән байқауын өткізу үлкен мәртебе. Бұл – жастарға бағытталған еуропалық үлкен шара. Біздің телеарна үшін, ел үшін «Евровидение-2022» байқауы ерекше маңызға ие», – деді телеарнасының бас директоры Карло Фуортес.