12 қыр, 2020 сағат 15:41

Еуропалықтар коронавирусқа байланысты қыста да маска киеді

Францияда жұма күні коронавирустың 9406 жаңа жағдайы анықталды. COVID-19 құрбаны 40 адамға жетті. Елдің Премьер-Министрінің айтуынша, жағдай нашарлап жатыр, ал билік қазір тестілеу зертханаларын, оның ішінде уақытша зертханаларды кеңейтуге басымдық беріп отыр. Бұл туралы Еuronews хабарлады.

Қазір 42 департамент «қызыл» аймақта. Онда жергілікті билік күшейтілген қауіпсіздік шараларын енгізуге, жиналыстарға тыйым салуға және кәсіпорындардың жұмыс режимін түзетуге құқылы.

Австрия да сақтық шараларын күшейтуде. Ел билігі еуропалықтардың қыс бойы маска киюіне тура келеді, осылай ғана жаңа «локдаунды» болдырмауға болады деп есептейді.