Еуропалық ауруларды алдын алу және бақылау орталығының дерегіне сай, Португалия мен Испания өңірлерінің көп бөлігі коронавирус жұқтыру көрсеткіштері бойынша «қызыл» аймаққа кірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Сары аймақта» Испанияның екі өңірі – Галисия мен Кастилия-Ла-Манча қалды.
Испандық БАҚ-тың хабарлауынша, коронавирус жастар арасында тез таралуда. Испанияның Денсаулық сақтау министрлігінің есебіне сәйкес, соңғы екі күнде 100 мың адам 225 коронавирус жұқтырған, бұл – алдыңғы кезеңдегіге қарағанда 20 пунктке жоғары. Жастар арасында бұл көрсеткіш 77 пунктке көтеріліп, 100 мың тұрғынға 717 жағдайды көрсетіп отыр.
Жұқпалығы жоғары «дельта» штамының тез таралуын ескере отырып, испандық өңірлер тиісті шараларды қолдануда. Мысалы, Каталония сейсенбі күні түнгі клубтарды жабатыны туралы хабарлады. Басқа өңірлер жастар арасында жаппай тестілеу жүргізу керек деп санайды.
Испандық мамандардың айтуынша, елдегі соңғы екі апта ішіндегі инфекцияның өршуінің себебі бақылау шаралары қатаң емес түнгі клубтардағы жағдайға байланысты болып отыр.