Еуропа елдері шектеу шараларын жеңілдете бастады, деп хабарлайды Euronews.
Мажарстанда комендант сағатының басталуы түн ортасына жылжытылды. Азық-түлік сатпайтын дүкендер мен жылдам әзірленетін тамақ орындары сенбі сағат 23-ке дейін жұмыс істей алады. Иммунитет сертификаты бар азаматтар кафе, мейрамханаларға және спорт залдарына баруына рұқсат етілді. 10 мамырдан бастап билік 16-дан 18 жасқа дейінгі мажарларға вакцина егуді жоспарлап отыр.
Кәмелет жасқа толған француздар (18+) 15 мамырдан бастап коронавирусқа қарсы вакцинанция алуға құқығы бар. Бұл туралы ел президенті Эммануэль Макрон Twitter-дегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, 15 мамырдан бастап 50 жастан асқан азаматтардан басқасының бәрі екпе алуына болады. Сәуір айының соңындағы мәлімет бойынша Францияда ересек тұрғындардың 29% вакцинаның кем дегенде бір дозасын алған.
Португалия 1 мамырдан бастап Испаниямен арадағы құрлықтағы шекараны ашады. Ол қаңтар айында коронавирус таралуын тоқтату үшін жабылған болатын. Сондай-ақ сенбіде мейрамхана, кафе мен кондитер орындары ғимарат ішінде алды адамға, терассада он адамға шейін қызмет көрсете алады. Ашық ауада кез келген қозғалысқа рұқсат берілді. Алайда қашықтан жұмыс істеу құпталады.
Түркияда коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты билік қатаң шектеу шараларын қолданды. Тәулік бойы оқшаулау режімі жарияланған. Үйден тек маңызды себеппен шығуға рұқсат етіледі, оның ішінде азық-түлік сатып алу да бар. Мектептер қашықтан оқытуға көшірілді.