Жұмыс беруші қызметкерлер үшін уақытылы аударым жасамаған жағдайда ол олардың құқығын бұзады. Өйткені бұл зейнеткерлік өтілін және зейнетақының мөлшерін анықтауға, сондай-ақ азаматтарды әлеуметтік қолдаудың басқа шараларына әсер етеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік кірістер комитеті жұмыс берушілер жеке табыс салығы бойынша декларациясында қызметкерлердің толықтай көрсетілуіне автоматтандырылған бақылауды бастады.
Бұл рәсім ҚР электрондық еңбек келісімшартын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек келісімшарты негізінде жүзеге асырылады.
Сондықтан, Мемлекеттік кірістер комитеті салық есепбінде барлық қызметкерлерді, олардың нақты кірісін және зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік төлем аударымы толық көрсетілуі қажеттігін еске салады.
Тек биылдың өзінде жұмыс берушілерге 706 мың қызметкерге қатысты 46 мыңға жуық бұзушылық туралы хабарлама жолданды.
Атап айтқанда, 41 мың жұмыс беруші өз қызметкерлерін көрсетпейді, 5 мың жұмыс беруші 150 мың жұмыскерді салық есебінде көрсетпей тапсырады.
Еске сала кетейік, экономиканың жекелеген салалары үшін 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалақы қорынан жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді төлеуден босату енгізілген болатын.