Ақтауда жағалау маңында төтенше оқиға тіркелді — теңізден әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Ult.kz жергілікті Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, 4-шағынаудандағы жағалауға түсетін тұстан мәйіттің табылуына байланысты арнайы қызмет өкілдері көптеп жиналған. Ақпаратты Маңғыстау облыстық ТЖД растады.
4А шағынауданында (халық арасында «Тарасик» аталып кеткен аумақ) теңізде адам бар екені жөнінде хабар құтқару қызметінің кезекші пультіне 29 қаңтар күні сағат 18:10-да түскен.
«Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері судан киімдегі әйел адамның мәйітін алып шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық ТЖД.
Құтқарушылардың болжамынша, әйел адам өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін.
