30 қаң, 2026 сағат 12:31

Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Екатерина Биволға сот шешімі шықты

Фото: ашық дереккөз

Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Ленин аудандық соты блогер Екатерина Биволды қазақтар мен қырғыздардың ар-намысына тиетін мәлімдемелері үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Ult.kz.

Сот материалдарына сәйкес, Екатерина Бивол әлеуметтік желіде жариялаған видеоларында ұлт өкілдерін кемсітетін сөздер қолданған. 

Сараптама нәтижесінде оның әрекеттері ұлтаралық араздықты қоздыру белгілеріне жатқызылды.

Сот шешімімен Екатерина Бивол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 60 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды.