Фото: gov.kz
Қайғылы оқиға 29 қаңтар күні кешке Қызылсай ауылында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, 43 жастағы ер адам жұбайына пышақ жарақаттарын салған. Алған жарақаттарының салдарынан әйел адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Ult.kz.
Мәліметке сәйкес, жанжал отбасылық-тұрмыстық жағдайда туындаған.
Ерлі-зайыптылардың ортақ жеті баласы бар.
Өңірлік полиция департаменті аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
