Алматыда Есентай өзенінде кір көбік пайда болды. Мамандар сараптама жүргізуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Есентай өзеніндегі «сабынға» ұқсас лас көбіктің суреттерін Facebook-те алматылық Ольга Гумирова жариялады. Оның айтуынша, бұл - бұл бірінші жағдай емес.
«15 мамыр күні шамамен кешкі сағат 16-да өзеннің бетінде көбік пайда болды. Таныс санитар дәрігердің пайымдауынша, өзенге жолды өндейтін реагент ағып келген»,– деп жазды ол.
Осыған байланысты қаланың жасыл экономика басқармасы 19 мамырда көшпелі жиын ұйымдастырды.
«Жиынға қаланың жасыл экономика басқармасы, Медеу және Бостандық ауданы әкімдіктері, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының қызметкерлері мен өтініш берушілер қатысты. Зерттеу жүргізу үшін су мен көбік сынамасын алу туралы шешім қабылданды. Талдау нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданады», - деп толықтырды басқармадан.