07 қар, 2018 сағат 16:58

Ертең Астана мен еліміздің үш облысында боран соғады

Астана мен еліміздің үш облысында 8 қарашада боран соғады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Астанада 8 қарашада көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғалды. Дауылдың ықтималдығы 85-90%.

Ақмола облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болып, боран соғады. Оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, болады кейде 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, боран соғады. Тұман түсіп, солтүстік-батыстан күшті жел (15-20 м/с) соғады. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

Солтүстік Қазақстан облысында батыс бағыттан жел соғып, оның жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ және боран болады.

Петропавл қаласында 8 қарашада батыстан жел соғып, оның жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, тіпті 25 м/с дейін күшеюі ықтимал. Көктайғақ және боран болады. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.