Фото: Instagram.com
Танымал әнші, музыкант Ерлан Көкеевтің екінші қызы тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Ult.kz.
Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желіде бөлісіп, қыздарының ағайынды бауырларға тұрмысқа шыққанын әзілмен жеткізді.
«Қос құда деген кім? Бір отбасының екі қызы екі ағайынды бауырға тұрмысқа шыққанда айтылатын сөз. Менің жағдайымда дәл солай болды. Екі қызым екі ағайынды інілерге тұрмысқа шықты. Сол себепті менің құдам — Әнуар. Оны кейде әзілдеп "қос эспрессо" немесе "стерео құда" деп атаймын», — деп жазды Көкеев.
Бұған дейін әншінің өзі қызының ұзатылуына орай жылы жазба арнаған еді.
"Қыз ұзату…
Жақында екінші қызымды ұзаттым.
Сырттай қарасаң — қуаныш, шаттық, күлкі.
Ал ішімде — бәрі араласып кеткен.
Ащы мен тәтті, суық пен жылы, күлкі мен көз жасы бірге…
Бұл сезім — қуаныш пен мұңның тоғысы.
Сірә, ата-ана болудың мәні де осы шығар —
сүю… және уақыт келгенде ұясынан ұшыра білу.
Бақытты бол, қызым.
Жаңа шаңырағыңда жылулық, күлкі және шынайы махаббат орнасын", - деп тілек білдірді әнші әке.
