06 там, 2016 сағат 14:58

Еркеш Шәкеев ұлына деген сағынышын кезекті туындысы арқылы жеткізді (видео)

Қазақстандық ақын және композитор Еркеш Шәкеев ұлы Сафарды еске алып, Facebook әлеуметтік желісінде бейнеролик жариялады. Клипті Еркеш Шәкеевтің композициясына Сафар Шәкеевтің досы Ұлан Базарбеков жасаған.

Еске сала кетейік, 16 шілдеде Сафар Шәкеевтің белгісіз жағдайда жоғалып кеткені туралы шағым түсті. Жас жігітті 110 полицей, 60 еріктілер мен бірнеше сүңгуірлер іздеді. Сондай-ақ іздеу жұмыстарына тікұшақ тартылды. Сафар Шәкеевтің денесі 28 шілдеде Есентай өзенінен табылды. 29 шілдеде Сафардың денесі  жер қойнына берілді. Шәкеевтер отбасына көңіл айтуға белгілі музыканттар, әртістер, қоғам қайраткерлері келді. Жерлеу рәсімінде Еркеш Шәкеев айтқандай, Сафардың қазаға ұшырауы - бүкіл қоғам үшін үлкен қайғы болды.