13 қар, 2018 сағат 14:14

Еркебұлан Сейдахмет басқа клубқа ауыса ма? - «Уфа» бас директорының жауабы

«Уфа» футбол клубының бас директоры Шамиль Газизов жақында болуы мүмкін командадағы ауыс-түйістер туралы айтты, деп хабарлайды baq.kz.

Қазақстан құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет те «Уфа» сапында ойнайды. Бұл маусымда ол Ресей Премьер-Лигасының бір ғана матчында алаңға шықты.

«Қазақстандық жас шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет ойыншы ретінде ғана қызықтырмайды, ол – жұлдыз. Әзірше РПЛ-да өзін көрсете алмай келеді. Екі ойыншыға қатысты италиялық командамен белгілі бір келіссөздер жүріп жатыр, бірақ олардың аты-жөндерін атағым келмейді. Қыста бізден төрт адам кетуі мүмкін. Олардың арасында ресейліктер де, легионерлер де бар. Сонда да легионерлермен жұмыс істегім келеді. Біз жас шетелдік ойыншыларды басқа командаларды қызықтыруы үшін шақырдық. Егер еуропалық болса ресейліктерге қарағанда оларды Еуропада сату оңай», - деді Газизов «Ресей футболы» бағдарламасының эфирінде.

Осыған дейін Еркебұлан Сейдахмет туралы алматылық «Қайрат» сапына ауысады деген мәлімет тараған болатын.