12 ақп, 2021 сағат 11:05

Ерболат Мұқаев ҚР ИИДМ аппаратының басшысы болып тағайындалды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Мұқаев Ерболат Рахметұлы ҚР ИИДМ аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ерболат Мұқаев 1961 жылы Орал облысында туған. Гурьев педагогикалық институтын, БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген. Мамандығы бойынша физика пәнінің мұғалімі, саясаттанушы, экономист. 

Еңбек жолын 1979 жылы орта білім беру мекемелерінде оқытушылық қызметтен бастаған. 1985-1992 жж. Орал облысының комсомол және партия ұйымдарында жұмыс істеді. 
1992-1993 жж. — Орал облысы Фурманов аудандық статистика бөлімінің бастығы. 
1993-1996 жж. — Орал облысы Фурманов аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары. 1996-2001 жж. Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында басшылық қызметтерде еңбек етті. 
2001-2005 жж. — Орал қаласында облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары. 
2005-2007 жж. — Орал қаласы әкімінің орынбасары. 
2007-2008 жж. — Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы. 
2008-2020 жж. — төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымындағы Парламент Сенатының депутаты.