#
#
Сейсенбі 24/11/2020

Эразмус+ және Темпус жобалары біздің білім беру жүйемізді өзгертті – Шайзада Тасболатова

  • 20.10.2020
  • 0
  • 133

Эразмус+ аясындағы ынтымақтастық біздің әлеуетімізді арттырады. Бұл туралы «Өңірлік деңгейдегі жаһандық Қазақстан Болон процесінде және Еуроодақ жобаларында» Халықаралық онлайн форумында Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Шайзада Тасболатова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін біз үшін мереке, себебі Эразмус+ және Темпус жобалары біздің білім беру жүйемізді өзгертті. Классификация бойынша, Темпустың бірінші кезеңінде қоршаған ортаны қорғау, экономика, ауыл шаруашылығы сияқты тақырыптар болатын. Ал қазіргі кезде жаңа салалар қосылды. Медициналық сала, ІТ саласы, смарт технологиялар бойынша да білім алуға ұмтылып отырғанс студент саны көп. Кәсіпкерлікті дамыту бойынша жобалар саны да артты. Бұл – салааралық байланысты, Қазақстанның экономикасын жақсартуға арналған жобалар. Жаңа инновациялық әдістерді қолданудың нәтижесінде бұл жобаға қатысқан студенттер мен оқытушылар жаңа кәсіби құралдарға қол жеткізіп, жаңа әдіс арқылы оқыту, жаңа әдіс арқылы оқу жолдарын меңгереді», - дейді Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Шайзада Тасболатова. 

Оның айтуынша, еліміздегі университтер еуропалық серіктестермен бірге 15-тен аса жоба жасап, 40-тан астам бағдарлама жаңа модульмен толықтырылды. 

«Эразмус+ аясындағы ынтымақтастық біздің әлеуетімізді арттырады. Мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің командасына, Қазақстандағы Еуроодақ өкілдігіне, еліміздегі барлық жоғары оқу орнының ректорларына алғыс айтқым келеді. Ректорлар тарапынан институционалдық қолдау білдіріліп отыр. Жобалардың нәтижесі оны жасап жатқан командаға ғана байланысты емес, ол мемлекеттік басқару органдарының, университет басшыларының қолдауына да байланысты», - дейді ол.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР